Димаш Құдайберген елордадағы саябақты аралап, естелігімен бөлісті
Әнші Есілдің жағасында түскен фотосын жариялады
Димаш Құдайберген елордадағы саябақтардың біріне барып, студенттік шағын еске алды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Әнші түнде қаладағы орталық саябақты аралап, жеке парақшасына Есілдің жағасында түскен фотосын жүктеген.
«Түнде жағалаудағы саябаққа келдім. Соңғы рет мен мұнда 5-6 жыл бұрын болдым. Бұл саябақта серуендемегеніме 5 жыл болған екен. Астанаға көшіп келген кезде мен өнер университетіне түскенмін, жастар болып осы жақта уақыт өткізкенді жақсы көретінбіз. Содан соң әркім өз жолымен кетіп, мен әлемді шарлай бастадым, кейде арасында шетелде тұруға тура келді. Бірақ мен қай жақта болсам да, кейде жалғыздықта түнгі аспанға қарап, өткенді еске алып, шығармашылық шабытқа кенелгенді ұнатамын», - деп жазды әнші.