Донецкая - Мағжан Жұмабаев: депутаттар Павлодардағы 23 көшенің жаңа атауын мақұлдады

Атауы ауысатын көшелердегі аншлагтарды ауыстыру демеушілер есебінен жүргізіледі

Донецкая - Мағжан Жұмабаев: депутаттар Павлодардағы 23 көшенің жаңа атауын мақұлдады
көрнекі фото

Қалалық мәслихат депутаттары сессия барысында ономастикалық комиссия ұсынған 23 көшенің жаңа атауын бірауыздан қолдады.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева өңір тұрғындары тарапынан әртүрлі тұлғалардың құрметіне көше атауларын беруге қатысты ұсыныстар түсетінін, алайда олардың барлығы ережеге сай келмейтінін атап өтті.

«2020 жылы енгізілген мораторийге байланысты облыс тұрғындары мен еліміздің басқа да өңірлерінің тұрғындары тарапынан бірқатар көше атауларын ауыстыруға қатысты 70-тен астам өтініш  түсті. ҚР 2014 жылғы қаулыға сәйкес, көпшілік тыңдау өткізілді. 7 көше бойынша идеологиялық маңызы бар ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттілігіне байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. 23 көше қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылды, - деді Светлана Гладышева.

Қала басшысының орынбасары атауын өзгертуге ұсынылған көшелерде аншлагтарды ауыстыру демеушілер есебінен қарастырылғанын жеткізді. Әрі қарай құжаттар республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі.

Қайта атауға ұсынылған көшелердің  тізімі келесідей:

  • Мир көшесі – Олжабай батыр көшесі
  • Ермаков көшесі - Мұстафа Шоқай көшесі
  • Набережная көшесі - Шоң би көшесі
  • Урицкий көшесі - Генерал Смағұлов көшесі
  • Циолковский көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесі 
  • Роза Люксембург көшесі - Қазақ радиосы көшесі
  • Теплов көшесі - Бөгенбай батыр көшесі
  • 1 Южная  көшесі – Бірлік көшесі
  • 2 Южная көшесі - Қаукен Кенжетаев көшесі
  • Парковая көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесі
  • Донецкая көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесі
  • Кубанская көшесі - Қалмұқан Исабаев көшесі
  • Совхозная  көшесі - Рафика Нұртазина көшесі
  • Таганрогская көшесі - Қазанғап би көшесі
  • Ангарская көшесі - Нағымбек Нұрмұхамедов көшесі
  • Читинская көшесі - Аманжол Шамкенов көшесі
  • Декабристов көшесі - Қамар Қасымов көшесі
  • Молодежная көшесі – Жастар көшесі
  • Юннатов көшесі - Дихан Әбілов көшесі
  • 1 Советов, 2 Советов көшесі - Генерал Бәкіров көшесі
  • Зыряновская  көшесі - Қабдыкәрім Ыдырысов көшесі
  • Саянская көшесі - Алма Әжібаева көшесі
  • Лесная көшесі  - Ағайынды Дүсенбиновтер көшесі
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.