06.12.2019, 03:47
Мәдениет
Димаш «Виктория» жүлдесінің екі номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Құдайбергенов Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады
Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығының екі бірдей номинациясының иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Құдайбергенов Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.
Айта кетсек, әнші Мәскеу қаласында өткен әйгілі музыкалық жүлденің бірнеше номинациясы бойынша үміткер ретінде қатысқан болатын. Жүлде қорытындысы бойынша Димаш «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыкадағы Жыл вокалшысы» (Олимпико) номинацияларының жеңімпазы атанып отыр.
Димаш Құдайберген Кремльде өткен осы кеште Игорь Крутойдың «Знай» (Know) әнін орындады.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды