$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.03.2021, 17:30
Мәдениет

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы қысқаша құттықтауын Instagram-парақшасында жариялады

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
фото: instagram.com/tokayev_online/

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз — біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін қызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары