ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Академик Мұфтах Диаров дүниеден өтті

Диаров - көптеген ғылыми еңбектердің авторы және қазақстандық геологтардың бірнеше буынын тәрбиелеген ұстаз

Атырауда 88 жасқа қараған шағында ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұфтах Диарұлы Диаров дүниеден өтті, деп хабарлайды azh.kz

Мұфтах Диаров 1955 жылы тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) тәмамдаған. 1955-1964 жылдары геологиялық партияның бастығы, Индер геологиялық барлау экспедициясының бас геологы, 1964-1978 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1978-1992 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Мұнай және табиғи тұздар химиясы институты директорының орынбасары, директоры, зертхана меңгерушісі, 1992-1997 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары, 1997 жылдан бастап «Атырау-Ғылым» АҚ вице-президенті болды. Каспий маңы ойпатындағы бор және бор-калий тұздарын іздеу және барлау мәселелерімен айналысты. Минералды тұздарды іздеу әдістемесін әзірледі. Сатимола, Индер бор-тұз кендерінің ірі кен орындарын ашуға қатысты.

Академик Диаров көптеген ғылыми еңбектердің авторы және қазақстандық геологтардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды.