$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.02.2021, 16:34
Мәдениет

«Алтын Орда» тарихи кино-жобасын іске асыруға дайындық басталды

Мамандар өткен қателіктерді қайталамау керек дейді

«Алтын Орда» тарихи кино-жобасын іске асыруға дайындық басталды
Фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің үндеуінде кинематографистерге тарихи тақырыптағы фильмдерді шығару қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті.

Кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел басшылығына болашақ киножобаның негізгі көрінісін, моделі мен архитектурасы бойынша ұсыныс беруі керек. Дайындықтың бірінші кезеңінде кәсіби тарихшылар мен тәжірибелі кинодраматург, этнографтар мен әдебиеттанушылардан ақпарат жиналады. Сонымен қатар, үлкен халықаралық тарихи киножобаларды жасау бойынша табысты тәжірибесі бар Голливуд, Еуропа, Ресей және Азияның үздік өндірістік компаниялары арасынан жаһандық серіктестер мен инвесторларды іздеу жүргізілуде. 

- Біз жұмысты бастап кеттік, - дейді «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев. - Бүгін таңертең екі үздік голливудтық компаниямен бейнебайланыс арқылы конференция өткіздік, жақын арада азиялық әріптестерімізбен кездеспекшіміз. Бұл жерде өндірістің қаржылық моделін пысықтауға баса назар аударған жөн. Кейін бізде рибейт тетігі қосылуы мүмкін, яғни, Қазақстан аумағында жұмсалған қаражаттың бір бөлігін шетелдік компанияларға өтеу (сандар 30 %-ға дейін өзгереді). Басқа жағдайда  қалалық және өңірлік Кинокомиссиялар тарапынан барынша қолдау көрсетілетін болады, олардың құзыретіне билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, әкімшілік ресурстарға қол жеткізу, түсіру жабдықтарымен және көлікпен қамтамасыз ету, тұратын орынды дайындау, актерлерді, локацияларды, деректемелерді іріктеу, жалпы, ыңғайлы киноөндіріске көмектесетін барлық жағдайды жасау кіреді.

Біздің міндетіміз, «Көшпенділер» атты тарихи блокбастерді сату және жалға беру бойынша жағымсыз тәжірибені ескере отырып, өткен қателерді қайталамас үшін, жобаның барлық бөлшектерін пысықтауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау және кезең-кезеңімен іске асыру. Бірінші кезекте ішкі ресурстардың өлшемі алынады – қазақстандық кинематографистердің қайсысы әдеби контентті қалыптастыруға дайын. Түсірілетін киноның тарихи кезеңі іс жүзінде айқын болғандықтан, біз синопсис пен одан кейінгі сценарийді барынша шынайы әрі терең әдеби-тарихи талдау негізінде жазуға кірісуіміз керек. Бұл процесс жедел, бірақ сонымен бірге өте мұқият жүргізіледі деп айта аламын. Осы маңызды жобамен жұмыс істеуде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы тарихи, мәдени, тәрбиелік және ең бастысы кәсіби әдіснаманы әзірлеу жөніндегі басты үйлестіруші болуы тиіс.

Жасалып жатқан картина ерекше мәдениеттанымдық аспектілерге толы, мұндай киношежірелер еліміздің заманға сай дамуы үшін, болашақ ұрпақ үшін, әрқайсымыз үшін қажет. Өз кезегінде, Кино орталығы халықты жобаның жұмыс барысы мен одан әрі іске асыру жөнінде қабылданған шешімдер туралы хабардар ететін болады.

Серіктес жаңалықтары