19.02.2021, 05:44
Мәдениет
«Қазақфильмді» жаңғыртуға 10 миллиард теңге жұмсалмақ
Жаңғырту 2023 жылға дейін жүргізіледі
Фото: ашық дереккөзден
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ақша кино түсіру және монтаждау, ғимараттарды қайта жаңартуға бөлінеді. Ангарлар мен арнайы автокөліктер сатып алынады. Биыл 8 миллиардтан астам қаржыны игеру жоспарда бар.
Жаңғырту 2023 жылға дейін жүргізіледі. 2030 жылға қарай отандық фильмдердің санын екі есеге арттыру жоспарда бар. Тарихи фильмдерге ерекше назар аударылады. Мысалы, 2021 жылы кино өндірісі саласындағы бюджеттің 70%-ін тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға жұмсау көзделіп отыр.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)