ШұғылҚазақстанда пандемия басталғалы коронавируспен ауырғандар саны 865 мыңға жуықтады

Айсұлтан Сейітов түсірген видеоклип BooooooooomTV жүлдесін жеңіп алды

«Неведомый мир» атты туынды 2020 жылдың үздік музыкалық видеосы атанды

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің МЧТ деген атпен танымал отандық рэп-орындаушымен (шын есімі - Айдын Нұралин) бірлесіп түсірген «Неведомый мир» атты видеоклип BooooooooomTV-ның «2020 жылдың үздік музыкалық видеосы» сыйлығын жеңіп алды.

«Бірлескен еңбектен туған жұмыс – шынымен де ерекше. «Белгісіз әлем» жобасында көрерменге әсер ететін ерекше көріністі сәтті, үйлесімді көрсете білген. Қараңғы визуализация өткен ғасырда посткеңестік елдер басынан өткерген мұнай шахталарындағы апаттарды дәл суреттейді», - деп бағалады ұйымдастырушылар.

BooooooooomTV – видеоклиптер мен фильмдерге арналған платформа. Оған режиссерлер әлемнің түкпір-түкпірінен туындыларын жібереді. 2019 жылдан бастап платформа жыл үздіктерін анықтап, ең жақсы туынды иелерін марапаттайды.

Еске сала кетейік, Айсұлтан Сейітов пен МЧТ «Неведомый мир» туындысынан бөлек бірнеше видеоклип түсірген. Қазақстандық режиссер МЧТ-ның «Kensshi», «Аяз», «Так за кого же болеть на этой земле и кого любить?» атты клиптеріне де продюсерлік етті.