ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

«Айка» фильмі Қытайда екі бірдей жүлдені жеңіп алды

«Golden rooster and hundred flowers» фестивалі – Қытайдағы ең ірі киножүлде

Фото: kinoart.ru

Қытайдың Фуцзянь провинциясының Сямынь қаласында өтіп жатқан ХХVIII «Golden rooster and hundred flowers» фестивалінде «Айка» фильмі екі жүлдеге ие болды. Бұл туралы кинотуындының продюсер Зарина Кисикова хабарлады.

«Кеше «Golden rooster and hundred flowers» кинфестивалінде Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі көрсетіліп, оны тамашалаған көрермендермен кездесу өткізілді. Фильм көрермен мен дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Кинотуынды Қытай билігінің рұқсатын алып сол елдегі прокатқа шығады деп үміттенеміз. Алда көптеген айдың жұмысы тұр. Сонымен қатар, «Айка» фильмі кинофестивальде Best leading actress by Audience Award және Best foreign director by Audience Award жүлдесін иеленді, Сергей Дворцевойды («Айка» фильмінің режиссері – ред.) құттықтаймын», - дейді фильм продюсері.

«Golden rooster and hundred flowers» фестивалі - Қытайдағы ірі киножүлде. Жүлденің бірі кәсіби қазылардың шешемімен анықталса, екіншісі жүлде көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталған.

Бұған дейін «Айка» фильмі Америка киноакадемиясының «Оскар» жүлдесіне де ұсынылды. Фильмде басты рөлді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова 2018 жылы өткен халықаралық Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» ретінде мәртебелі жүлдеге қол жеткізді.

Фильм режиссері Сергей Дворцевой қазақстандық көрермен үшін «Тюльпан» кинотуындысымен таныс. Ол фильмде де басты рөлдердің бірін Самал Еслямова сомдаған еді.