«Қазақфильмнің» 10 мультфильмі ашық көрсетілімге шығарылды

Мультфильмдерді киностудияның Youtube арнасынан көруге болады

«Қазақфильмнің» 10 мультфильмі ашық көрсетілімге шығарылды

«Қазақфильм» шығарған 10 мультфильм ашық көрсетілімге шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі киностудияның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Жаңа жыл бұл — сыйлықтар, ғажайып пен тосынсыйлар уақыты. Бұл мерекені әсіресе балалар жақсы көреді. Жас көрермендерімізге біздің де дайындаған тосынсыйымыз бар. Біз «Қазақфильм» шығарған 10 мультфильмді ашық көрсетілімге шығардық», - делінген хабарламада.

Мультфильмдерді киностудияның Youtube арнасынан көруге болады.

Он картина 1971 мен 2009 жылдар аралығында түсірілген. Олар: «Кім патша болады?», «Голубая планета», «Волшебное зеркало», «Держись, ребята!», «Цыпленок», «Чьи уши лучше?», «Менікі», «Последний олень», «Момын мен қарақшылар», «Ұры мен қасқыр».

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.