ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Димаш Құдайберген АҚШ президенті инаугурациясының ашылу салтанатына қатысады

Іс-шараны SCI ұйымы өткізеді

фото: dimashnews.com

Бүгін Димаш Құдайбергеннің 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы хабарланды.

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны «Sister Cities International» ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпус та қатысады.

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

Вашингтонда орналасқан «Sister Cities International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

Содан бері АҚШ президенттері Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды.

«Sister Cities International» ұйымының негізі қаланғалы және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңадан сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлау апталығын ашылуына қазақстандық әнші – Димаш Құдайберген қатысады.

«Sister Cities International» іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық орындаушының «DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.