«Мен де маска тағудан шаршаймын»: Димаш Құдайберген қысқаша сұхбат берді
Димаш жарты жылдан бері алғаш рет шетелге іссапармен шықты
Танымал әнші Димаш Құдайберген әуе кемесі бортында қысқаша сұхбат беріп, карантиндегі өмірі қалай өтіп жатқаны, алдағы жоспары туралы бөлісті.
«Наурыз айында пандемия басталғанда Қытайдан елге оралдым. Ары кетсе, Алматы мен елорда арасында қатынап жүрдім. Қаншама адам сырқаттанып қалды. Дегенмен, мойымай, жақсылыққа сеніп, бәрі сәтті болады деген үмітпен алға ұмтылу керек деп ойлаймын. Ең бастысы – халықтың амандығы. Әзірге гастрольдік сапарларымыз тоқтады. Жарты жылдан бері бірінші рет шетелге іссапармен бара жатырмыз. Біраз өзгеріс болды, қазір адамдар маска тағуға міндетті. Мен де бәрі секілді маска тағудан шаршаймын. Бірақ өзің үшін ғана емес, айналаңдағы адамдардың денсаулығы үшін де маска тағып жүру керек», - деді танымал әнші.
Алты айдан бері алғаш рет шетел асқан әнші тыңдарманына тосынсый жасайтынын жеткізді.
«Карантинге дейін 48 күн ішінде 78 рет ұшқан кезіміз болды. Карантин басталғалы отбасыммен бірге уақыт өткізіп жатқаныма қуанамын....
Тыңдармандарым мені біраз күтіп қалды. Оларға алғысым шексіз. Сол кісілердің назарын аудартып, қуанту үшін іссапарға аттандық. Бұл – кішігірім тосынсый болмақ», - деп тыңдармандарына жақсы жаңалық жеткізді.