Алматыда «Түркі әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы» жылы ресми түрде жабылды
Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады
Алматы қаласы «Түркі әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы» жылын ресми түрде жауып, бір жылдағы жұмыстарын қорытындылаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салтанатты жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің өкілдері, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, сондай-ақ ұйымдағы бақылаушы ел саналатын Түрікменстанның делегациясы қатысты.
«Бұл мәртебе Алматының түркі әлемі жастарының басын қосып, жаңа бастамалар мен ортақ жобаларға жол ашатын беделді жастар орталығы ретіндегі орнын тағы бір мәрте айқындай түсті», - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұл мәртебе 2025 жылы 18 тамызда Түркі мемлекеттері ұйымының IV халықаралық жастар фестивалінің ашылуында берілген болатын. Жыл бойы «Түркі әлемінің жастар астанасы – 2025» жобасына сай әртүрлі кездесулер өткен.
«Атап айтқанда, 3-ші жастар алмасу бағдарламасы, Жас көшбасшылар мен кәсіпкерлер форумы, Turki Fest Almaty – 2025 мәдени фестивалі, TURKICUP – 2025 халықаралық «Жайдарман» ойыны, Түркі мемлекеттері ұйымы Жастар платформасының ІІІ Бас Ассамблеясы және Халықаралық экологиялық хаб секілді ауқымды жобалар сәтті аяқталды», - деп хабарлайды министрлік.