Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл: Жамбыл атындағы  филармония 90-маусымын жапты

Филармония арналған «Во имя музыки» атты концерт өткізді

Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл: Жамбыл атындағы  филармония 90-маусымын жапты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Во имя музыки» атты концерт өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, филармония осы концертімен өзінің 90-маусымын жапты.

Кеште филармонияның солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен мемлекеттік наградалардың иегерлері өнер көрсетті. Концерт барысында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармалары, ұлттық әндер мен күйлер, сондай-ақ әлемдік классиканың бірегей туындылары шырқалды. Концертте көрнекті композитордың өмір жолы, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған көрме өткен. Осылайша, «Во имя музыки» концерті филармонияның мерейлі 90-концерттік маусымын қорытындылады.