$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2019, 17:11
Мәдениет

Димаш Құдайберген әлемдегі үздік сағаттардың амбассадоры болды

Димаш бұл жайында өзінің Инстаграмдағы парақшасында жария етті

Димаш Құдайберген әлемдегі үздік сағаттардың амбассадоры болды

Димаш Құдайберген Jacob & Co компаниясының амбассадоры болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нью-Йорктен фотосурет. Біз Майкл Джексонмен және басқа да әлемдік жұлдыздармен ынтымақтаса жұмыс істеген, әлемдегі үздік сағаттардың негізін қалаушы Джейкоб мырзамен суретке түстік. Қазір мен Jacob & Co. @jacobandco амбассадорымын», - деп жазады әнші өзінің желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Бруклиндегі (Нью-Йорк) Barclays Center сахнасында Игорь Крутойдың «65-ке өмірде бір-ақ рет толамыз» атты кеші өткен болатын. Концертке Димаш Құдайберген құрметті қонақ ретінде қатысып, бірнеше ән орындады.

Айта кетерлігі, дәл осы Бруклиндегі Barclays Center сахнасында Димаш та концерт береді. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен өтетін мәдени кеште әнші 4 тілде ән салады.

Серіктес жаңалықтары