Балаева аударма кітаптар тізбесіне қатысты арнайы комиссия құруды ұсынды
Арнайы комиссия аударуға және басып шығаруға ұсынылатын кітаптар тізбесін айқындамақ
Бүгін Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітап қорын толықтыру туралы айта келе, арнайы комиссия құруды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аида Балаева аударуға және басып шығаруға ұсынылатын кітаптар тізбесін айқындайтын арнайы комиссия құруды ұсынды. Сонымен бірге заманауи жас авторлардың шығармаларын ел кітапханаларының қорына жүйелі түрде енгізу қажеттігіне назар аударды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жалпы, Құрылтайтың ертеңгі отырысы туралы айта келе балаева алдыңғы отырыстардың нәтижесі ретінде 26 заң қабылданғанын, 10 заң жобасына, сондай-ақ Президент жарлықтары мен кешенді даму жоспарларына өзгерістер енгізуге қатысты жұмыс жүріп жатқанын хабарлаған.