Әуезов театры жөндеусіз қала ма – министрлік желідегі ақпаратқа жауап берді
Жылдың басы болған соң қаржы енді бөлінеді дейді жауапты орган
Бірқатар әлеуметтік желіде Алматыдағы Әуезов театрының жөндеу жұмыстары тоқтап қалды деген ақпарат тараған болатын. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Министрліктің ресми ақпаратына сенсек, театрдағы жұмыс тоқтаған жоқ, ол тек «қаржысын күтіп отыр».
«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтап тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты мынаны хабарлаймыз: нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтаған жоқ. Қазір жоба жаңа қаржы жылының басын күтіп тұр, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді», - деп хабарлайды министрлік.
Мәдениет министрлігінің өкілдері театры жөндеу мемлекеттік органдар деңгейінде бақыланады дейді.