$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2021, 17:50
Azat Alań

Генерал Сәт Тоқпақбаев: «КСРО-дан бөлінгенде ешкім қаруға таласқан жоқ»

7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күні

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Азат алаң» қонағы генерал-полковник, Қазақстан арнайы қызметінің негізін қалаушылардың бірі, ҰҚК бұрынғы төрағасы, ҚР экс-қорғаныс министрі, «Даңқ» және «Барыс» ордендерінің иегері Сәт Тоқпақбаев болды. Ақсақал сұқбат барысында тоқсаныншы жылдардағы қазақ қарулы күштерінің әлеуеті, КСРО-дан бөлініп шығу процесі, құрылуы мен қалыптасуы туралы айтып берді.

Сәт Бейсенбайұлының жасы 82-де. Ол колхоздың қарапайым жұмысшысынан бастап генерал полковник шеніне дейінгі аралықта мемлекеттік маңызды қызметтердің жетекшісі ретінде үлкен еңбек жолынан өткен. Нұрсұлан Назарбаев оған ҰҚК төрағасы, Ұлттық Ұлан қолбасшысы, Президент күзет қызметінің басшысы, Қорғаныс министрі сияқты ең жауапты қызметтерді сеніп тапсырған.

Күштік құрылымдардың ардагері пандемия жағдайындағы өмірі, желтоқсан көтерілісі, әскери емес азаматтың қорғаныс саласын басқаруы, Қазақстанның жаңа әскери доктринасы, құқық қорғау саласындағы реформаның кемшіліктері, ұлттық біртұтастық пен мемлекет қауіпсіздігі және қырғыз-тәжік қақтығыс туралы ойларын ортаға салады.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары