ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Елдос Үшкемпіров: «Әкемізден үйден шықпауды өтініп едік»

«Азат алаң» қонағы - Жақсылық Үшкеміповтің ортаншы ұлы Елдос Үшкемпіров

Даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, қазақтың сүйікті ұлы Жақсылық Үшкемпіров тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді. Былтыр 2 тамыз жалғыз Үшкемпіровтер әулеті емес, бүкіл қазақ жұрты үшін қайғылы күн болды. Елде коронавирус індеті өршіген шақта дүниеден озған даңқты балуанның ортаншы ұлы Елдос Үшкемпіров «Азат алаң» жобасына сұқбат берді.

Жақсылық Үшкемпіров Мәскеу олимпиадасынан соң тура 40 жыл мағыналы өмір сүрді. Түрлі іс-шараның басы-қасынан болатын өте белсенді тұлға болды. Денсаулығына да көп шағым айта бермейтін чемпион былтыр қауіпті вирус жұқтырып, коронавируспен 20 күн бойы арпалысқан.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (жекелей сында), грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы спорттан бөлек қоғамдық жұмыстарда, тіпті жеке кәсіпкерлікте де табысты болды. Әсіресе, қазақ жерінде пайда болған мал тұқымдары: ақбас сиыр, Әулиеата тұқымы, жабы тұқымын көбейтуге, оны өзге де шаруашылықтарға таратуға күш салғанын көпшілік біле бермейді. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдары пайда болған «ақбас сиырдың» палатасына жетекшілік етіп, өз шаруашылығында осы мал түрінің санын 4 мыңға жеткізгені өз ісіне деген адалдығын білдіреді.