$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:46
Қоғам

«Қолыңа «ақ билет» алып беремін»: Қорғаныс министрлігі әскерден қашып жүрген жігіттерге ескерту жасады

Олар азаматтарды  әскери босатамыз деп сан соқтырады

«Қолыңа «ақ билет» алып беремін»: Қорғаныс министрлігі әскерден қашып жүрген жігіттерге ескерту жасады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қорғаныс министрлігі соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «әскерге бармайтын ақ билет алып береміз» деген жарнамалардың көбейгеніне алаңдап, үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік бұндай қызмет түрі мүлде заңсыз екенін және оның арты қылмыстық іске әкеп соқтыратынын ескертеді. Сондай-ақ, ондай азаматтар лезде алдап кетуі де мүмкін.

«Әлеуметтік желілерде «әскерден қалдырамыщ» немесе «ақ билет» алып береміз» деген  жарнамалар тарап жатыр. Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы ғана қабылдайды. Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, жігіттер үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деп жазылған үндеуде.

Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы «мәселені шешіп беруге» кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын «әскери комиссариаттардың көмекшілерінің» айла-шарғыларына алданбауға шақырады.

«Әскери қызметті өткеру – әр азаматтың конституциялық борышы. Мерзімді қызмет жастарға білім беру жеңілдіктері мен гранттар алу, кәсіби дағдыларды меңгеру, дене дайындығын нығайту секілді нақты мүмкіндіктер береді. Бұл – тәртіптің, жауапкершілік пен ерліктің мектебі», - деп сендірген Қорғаныс министрлігі.

Бұдан өзге қазіргі заңнама бойынша, әскердегі жігіттер әскери борышын өтеген бір жылда және борышы біткеннен кейін екі ай ішінде несие демалысын алады. Мерзімін толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Соның ішінде оларға студенттік жатақханадан орын алуға да басым құқық беріледі. Сондай-ақ жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі қарастырылған. Осы уақытқа дейін 9 мың жігіт осындай грант алған көрінеді.

«Азаматтар шақыру комиссиясының шақыру қағазы бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті. Оны жеке табыстау мүмкін болмаған жағдайда азаматтардың келуін ішкі істер органдары қамтамасыз етеді. Медициналық тексеруді жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандары өткізеді. Олар азаматтың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтайды. Заңды негіздер болған жағдайда мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату мүмкіндігі беріледі, ал басқа жағдайларда азаматтар мерзімді әскери қызметке жіберіледі. Жасы 18-ден асқан және 27 жасқа толмаған жігіттер (денсаулығы жарамды) жылына екі рет әскерге шақырылады», - деп еске салды қорғаныс министрлігі.