$ 494.87  520.65  4.91
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2021, 16:40
Azat Alań

«Елтаңбаны жерге түсірмей қағып алар едім»: Баталовпен ашық сұхбат

«Азат алаң» қонағы - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов

Соңғы жеті жылдан бері Алматы облысын басқарып отырған саясаткер ел аузында жүрген сұрақтарға жауап берді. Ашық сұқбат барысында өңір басшысы пандемия кезіндегі экономикалық-әлеуметтік жағдай, туризм, жол салуға қатысты жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталады.

Әкім өзінің коронавирусқа қалай шалдыққанын және үзеңгілестерін жоғалтқанда қандай күйде болғанын еске түсіріп, көзіне жас алды. Облыстың дамуына, өркендеуіне қосатын үлесі көп деп есептеген әлеуетті мемлекеттік қызметкерлердің, танымал тұлғалардың өмірден өткені арқасына аяздай батқан. 

Алматы қаласы үшін азық-түлік белдеуін қалыптастыруға арналған жерді талан-таражға салған кім? Талғар ауданы әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысы қандай жемқорлыққа барған? Ал Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуаныш Қашқымбаев не бүлдірді? Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащысай ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметовтің ісі тергеліп жатыр ма?

Амандық Баталов «Гейт Сити» жобасы, Алматы-Талғар тас жолы, «Алтын Орда» базары маңындағы жолайырықтың құрылыс мерзімі туралы да айтты. 

Сондай-ақ жақында есептік кездесуде қарамағындағыларға «алсайш ананы» деп, құлаған елтаңбаны алуды бұйырған әріптесі – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қатысты пікірін білдірді.

Серіктес жаңалықтары