$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сондай сүйкімді»: прокурор Дана Сәрсенбай әріптес жігіттердің қолына крем жағып беріп, жұртты сүйсінтті

Ол әйелдер туралы жазба қалдырған 

«Сондай сүйкімді»: прокурор Дана Сәрсенбай әріптес жігіттердің қолына крем жағып беріп, жұртты сүйсінтті
Фото: скрин/@s.d.n__

Шерзат ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Дана Сәрсенбай желіге видео жүктеп, оқырмандарын күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурор жұмыс барысынан бейнежазба жариялады. Видеода ол әріптес жігіттердің қолына крем жағып берген. Сондай-ақ ол әйелдерге байланысты ойсаларлық жазба қалдырған. Дана Сәрсенбай қоғамда «заң қызметі қыздар үшін қиынға түседі» деген стереотип қалыптасқанын айтқан.

«Қыздарға қиын» дейді... Ауыр жұмыс, үлкен жауапкершілік, мықты болу - бәрі жүк дейді. Бірақ шыны керек, бұл - ескірген миф. Біз баяғыда-ақ «әйел ісі емес» дегенді ұмытқанбыз. Шешім қабылдаймыз, соққыға төземіз және болмашыға бола жыламаймыз. Бізге қиын емес - бізге бұл қалыпты жағдай», - деген ол әйелдердің ең мықты 4 қасиетін тізіп шықты.

Оның айтуынша, әйелдер нәзік жанды емес, әйелдер – рухты, ақылды, бейімделгіш, төзімді, қоғам бұл фактті қабылдауы керек.

Желі қолданушылар видеоға қатысты көптеген пікір қалдырып жатыр.

«Сондай сүйкімді», «Бәсе, прокуратураға арыз жазсам басқа органға жібере береді, сөйтсем сіздердің қолдарыңыз босамайды екен ғой», «жарайсыңдар, жігіттер әріптесін қолдап отыр», «екеуі сенен қорыққаннан жақты-ау кремді», «мәжбүрлеп жаққызғаныңызды білемін, бірақ дәлелдей алмаймын»,- деген түрлі көңілді пікірлер қалдырған.