«Үш күн тамақ ішкен жоқпыз»: қарны аш балаға көмек көрсеткен әйел адам жұртты елжіретті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған видео жұртты жылатты
Қарны аш балаға көмек көрсетіп, жеміс-жидек алып берген әйел адамның әрекеті жұртты елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл оқиға әлеуметтік эксперимент ретінде түсірілген. Онда қарны аш баланың жеміс-жидек сататын дүкеннен бір тал алма ұрлап жатқанын, оны сатушының ұстап алған сәтін байқауға болады.
«Қарным аш, үш күн тамақ ішкен жоқпыз, анам ауырып жатыр», - деп ақталды видеодағы бала.
Осы сәтке тап болған әйел адам баланы құтқарып қалып, қажетті жеміс-жидектер сатып алып береді. Ал оның бұл әрекетін желі қолданушылары оң бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
«Осындайға сенуден қалдық қой», «Аш болғандарды тамақтырыңдар себебі кімнің ертең не болары белгісіз», «Жүрегім езіліп, көзіме жас үйірілді ғой», «Алла разы болсын. Еріксіз көзімнен жас тамып кетті ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Бұл экспериментті кәсіпкерлердің бірі жасап, әйел адамның жеміс-жидек үшін жұмсаған 600 теңгені жүз еселеп, 60 мың теңгені сыйға тартты.