$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жанар Айжанованың күйеу баласы алаяқтарға кеткен 200 мың теңгесін қайтара алмай жүр

Оны жақын танысы алдап соққан 

Жанар Айжанованың күйеу баласы алаяқтарға кеткен 200 мың теңгесін қайтара алмай жүр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы travel-блогер Сәкен Қағаров алаяққа алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол желідегі парақшасында жазғандай, видеограф әріптесі Сәкен Қағаровтан камера сатып алып, ақшасын бермей кеткен.

«Өте жақын танысыма сатып едім, арада 10 ай өтті. Үнсіз кетті, 200 мың теңгеге алған. Әрине, бұл өте үлкен сома емес, бірақ мәселе адамның сенімінде», - деді блогер.

Айтуынша, танысы бір-екі күнде қарызын қайтаруға уәде берген, алайда бірнеше ай өтсе де, сатып алған дүниесінің ақысын қайтармаған.

Сәкен Қағаровтың жазбасына көпшілік қолдау көрсетті, тіпті дәл осы адамнан зардап шеккендер де табылды.

«Ол бұрын бізден техника жалдап, ақашасын төлемей кеткен. Біз оған хабарласа алмадық», «бұл видеографты құрметтейтін едім, оның курстарын сатып алдым. Өкінішке орай тамыз айынан бері байланыса алмай қалдым. Тек 5 сабақты онлайн көре алдым» , - деп жазған желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары