«Тыныштық ұнамайтын»: Сәкен Майғазиевтің келіні алғаш рет сұхбат беріп, сырын ақтарды
Ол ата-енесімен бірге тұрғысы келетінін айтты

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева мен жаңа түскен келіні Әдия журналист Ләйлә Сұлтанқызына алғаш рет ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әңгіме барысында Динара Майғазиева ұлы мен келініне енші беру мәселесіне тоқталды.
«Бұл жайлы әкесі екеуміз талай рет сөйлестік. Балаларымыз оқимыз, дамимыз десе Америкаға да жіберуге дайынбыз. Өз қалауларына қалдырдық. Бірақ түптің түбінде бізбен бірге тұрады, қартайғанда бізді қарайды», – деді ол.
Ал небәрі екі ай бұрын келін атанған Әдия бөлек тұрғысы келмейтінін айтты.
«Ата-енеммен бірге тұрғым келеді. Бізде бұрын үйде адам аз болатын, сондықтан тыныштық ұнамайтын. Ал мұнда көп адаммен бірге дастархан басында отыру, әңгімелесу, шай ішу маған ұнайды. Ешқайда кеткім келмейді», – деді ол.
Бұған дейін жазғанымыздай, Динара Майғазиева тойдан түскен ақшаны әлі санап жатқанын айтқан еді.