$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2025, 14:37
AR trend

«Ойыншық қылған жоқпын»: танымал блогер өзін сынағандарға жауап берді

Әйгерім Ерғазы орамалын неге шешіп тастағанын түсіндірді 

«Ойыншық қылған жоқпын»: танымал блогер өзін сынағандарға жауап берді
Фото: www.instagram.com/p/DNBgcFoBTUs/?hl=ru&img_index=4

Танымал блогер Әйгерім Ерғазы өзінің Instagram парақшасында бұрынғы киіну стиліне қатысты пікір жазған оқырмандарына ашық жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен хиджабты ойыншық еткен жоқпын. Бұл жүрегіммен, жан дүниеммен қабылдаған шешімім. Оның өз себептері бар», – деп жазды блогер.

Блогер бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын мойындайды. Өз жағдайын мысал ретінде келтіре отырып, ол өмірлік қиындықтарда әркімнің өз таңдауы бар екенін жеткізді.

«Орамалды шешу мен үшін оңай шешім болған жоқ. Бірақ бұл менің таңдауым. Ол мен үшін қасиетті болып қала береді», - деді ол.

Сондай-ақ, Әйгерім бұл мәселені басқа да әйелдердің өмірлік шешімдерімен салыстырды. Мысалы, ажырасқан әйелді қоғамның түсінбей сөгуі сияқты, орамал шешкен әйел де түсінбестікке ұшырауы мүмкін. Бірақ нақты шешімді тек сол адамның өзі ғана қабылдай алады.

 «Мен кисем де, шешсем де, намаз оқысам да, оқымасам да – оның күнәсі де, сауабы да маған ғана жазылады», – деді ол.

Оның айтуынша, ешкім өзге адамның жүрегінде не болып жатқанын білмейді, сондықтан сынау емес, түсінуге тырысу маңыздырақ.

Серіктес жаңалықтары