$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2025, 10:40
AR trend

Түні бойы ішімдік ішкен жігіт марафоншыларды басып озып кеткен (ВИДЕО)

Исак Альмейда марафонға кездейсоқ қатысып, кәсіби спортшылардан озып кетті

Түні бойы ішімдік ішкен жігіт марафоншыларды басып озып кеткен (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бразилияда ерекше жағдай жұртты таңқалдырды. 32 жастағы Исак Альмейда есімді азамат 8 шақырымдық марафонға кездейсоқ қатысып, тіпті кейбір дайындалған спортшылардан озып, мәреге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Исак марафонның алдында түні бойы барда ішімдік ішкен екен. Күшті алкоголь ішіп, таңертең мекемеден шыққан азамат марафонға жиналып жатқан спортшыларды көреді. Қызығушылықпен қатарларына қосылып, арнайы спорттық киімсіз, қарапайым шлепкимен жүгіре жөнеледі.

Ол өз мүмкіндігін дәлелдеп, көптеген кәсіби қатысушыларды артта қалдырады.

Альмейданың ерекше әрекеті жарыс ұйымдастырушыларын бейжай қалдырмады. Тіпті тіркелмегеніне қарамастан, ол марафонда көрсеткен табандылығы үшін медальмен марапатталды.

Жарыстан кейін Исак Альмейда бұл оқиға оған үлкен өмірлік сабақ болғанын айтып, енді ішімдікті қоюға және спортпен кәсіби түрде айналысуға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары