$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:36
AR trend

«200 мың теңгеге билет алдым»: Джей Лоның концертінде шаш жұлысқан әйел өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Дамира Нұржан есімді әйел видео жазып, жағдайдың қалай болғанын айтқан

«200 мың теңгеге билет алдым»: Джей Лоның концертінде шаш жұлысқан әйел өз шындығын айтты (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өткен мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіндегі келеңсіз оқиғалардың видеосы әлі таралып жатыр. Бүгін біз тәртіп сақшылар стадионнан көтеріп алып, қуып шығуға мәжбүр болған әйел полиция қызметкерінің жұбайы екенін жазған едік. Ал, осы әйелден зәбір көрдім деген келіншек өз парақшасына оқиғаның қалай болғанын жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дамира Нұржан әйгілі әншіні жақыннан көру үшін 200 мың теңгеге билет алғанын айтады. Би алаңында алдыңғы қатардан орын алған Дамираны концерт кезінде мас  келіншек шашынан жұлып, итеріп, шапалақтап жіберген екен.

«Концертті қысылмай-қымтырылмай көргім келген еді. Ерте қуанып қойыппын. Мас қыз бір топ адамның ортасынан өтіп мені тұрған жерімнен итеріп жіберді. Оған «мына орын менікі» деп едім, шапалақпен тартып жіберді. Өз-өзімді қорғау үшін мен де оны ұрдым. Ол менің шашымнан жұла бастады. Сол сәтте мен қорғанамын деп басқа бір қыздың шашын жұлып алыппын. Кейін одан кешірім сұрадым. Ақыр соңында әлгі мас әйелді бір топ адам артқа қарай итеріп жібердік. Бұл концертті ешқашан ұмытпайтын шығармын», - дейді ол.

Естеріңізге салайық, 1 тамыз күні «Астана Аренада» әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес концерт берді. Шоу кезінде сахнаға жақын тұрған әйелдердің бірі қасындағы тыңдармандарды итеріп, оларға кедергі келтірген. Желіде тараған видеода тәртіп сақшылары әлгі әйелді стадионнан көтеріп шығарып жібергені түсірілген.

Серіктес жаңалықтары