Дженнифер Лопестің концертіне 7 млн доллар жұмсалды
Дженнифер Лопестің концертіне 7 млн доллар жұмсалды

3 тамызда өтетін америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне жұмсалған шығындар толығымен ақталған. Бұл туралы Арменияның Ереван қаласы әкімінің орынбасары Армен Памбухчян «Sputnik Армения» басылымына мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әр туристің орташа шығынын алсақ – билет құны, тұру, тамақтану және ойын-сауықты қоса алғанда – ел экономикасына кемінде 500 доллар қалдырады. Ал еліміздің имиджі мен жаһандық деңгейде танылуы – баға жетпес құндылық», – деді Памбухчян.
Оның айтуынша, концертке келетін көрермендердің санын ескерсек, үкімет бөлген 7 миллион доллар толықтай негізделген.
«15000*500 = 7 500 000. Қош келдің, Джей Ло. Армениядан керемет әсермен қайтатыныңызға сенімдіміз», – деп атап өтті ол.
Дженнифер Лопес саунасы мен кинотеатры бар үңгір пішіндес бөлмесі бар қонақүйге орналасады.
Дженнифер Лопестің концерті 3 тамызда Армения астанасындағы Республикалық стадионда өтеді. Әнші елге Up All Night гастрольдік туры аясында келген. Тур 12 тамызда Италияның Сардиния аралындағы концертпен аяқталады.