Жания Джуринская мен жұбайының Римде түскен суреттері қызу талқыланып жатыр (ФОТО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Актриса мен кәсіпкер Римде демалып жатыр

Фото: instagram.com/djurinskaia

Қазақстандық актриса Жания Джуринская мен кәсіпкер Данияр Хизметов 2025 жылдың тамыз айының басында Римде демалыста жүрген сәттерінен сурет пен видео жариялады. Олар әйгілі Треви субұрқағының жанында романтикалық кадрларды бөлісіп, қазақ тілді әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Тиын тастасаң – Римге қайтып келесің. Екеуін тастасаң – махаббаты табасың. Үшеуін тастасаң – үйленесің. Демек, бізге тиын тастаудың қажеті жоқ», – деп жазды Джуринская жұбайына арнап.

Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді

Суреттер жарияланған сәттен бастап, Жания мен Даниярдың жұптасқан сәттері Қазнетте қызу пікірталас тудырды. Пікір қалдырғандардың басым бөлігі олардың махаббатына риза екендерін білдірген.

Кей пікірлерден үзінді:

  •  «Көзқарасы – от екен!»
  • «Өте әдемі жұп! Бақытты болыңыздар!»
  • «Ол оның болмысын толық қабылдайтыны қатты ұнайды»
  •  «Сүйікті қалам – Рим!»
  • «Тағы төрт тиын тастап, армандарыңды айтыңдар!»

Треви субұрқағы – ғашықтар мекені

Треви субұрқағы – Римдегі ең әйгілі туристік орындардың бірі. Аңыз бойынша:

  • Бір тиын – Римге қайтып оралу
  •  Екі тиын – жаңа махаббат табу
  • Үш тиые – үйлену/тұрмыс құру
  • Төртіншісі – жүрек қалауын орындау.

Сондықтан субұрқаққа тиын лақтыру – махаббат пен үміт символына айналған дәстүр.

Контекст

Танымал актриса Жания Джуринская отадан кейінгі кеудесін көрсетті. Актриса омырауына имплант салдырып, онысын жұртқа көрсетіп мақтанған еді.