$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жеті айдан кейін үйленіп кетті»: атышулы блогер ажырасқан ер адамдарға қарамайтынын айтты

Ол қызым өскенше біреуге тұрмысқа шығып, соны әке деп айтқызамын деген ой болды дейді

«Жеті айдан кейін үйленіп кетті»: атышулы блогер ажырасқан ер адамдарға қарамайтынын айтты
Фото: видеодан скриншот/youtube.com/momski_angime

Актриса әрі блогер Сабина Мовлаева жеке өміріндегі қиын сәттерімен бөлісті. Ол «Мамский әңгіме» подкастында бұрынғы күйеуімен ажырасқаннан кейінгі жағдайды ашық айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Үш жылда бірде-бір көмек бермеді»

Актриса бұрынғы күйеуімен айырылысқаннан кейін мүлде қолдау көрмегенін айтты.

«Жарты жылдай қайта қосылайық деп келіп жүрді. Бірақ менің қырсықтығым мен бірбеткейлігім бар еді. Біржола кеттім де, артыма қарамадым. Ол да қырсығып қалды. Егер әдемі қоштасқан болсақ, бәлкім, қызымен араласар ма еді?! Жақында өзім хабарластым. Қызыңды көрші деп айттым. Үш жылда еш көмектеспеді», – дейді Мовлаева.

Дегенмен, актриса бұрынғы жарына жамандық тілейтін ниеті жоқ екенін, оны «өте жақсы адам» деп бағалайтынын жеткізді.

Қиын кезеңнен қалай өтті?

Мовлаева бұрынғы күйеуінің ажырасқаннан кейін небәрі жеті айда үйленіп кеткенін айтып, бұл жағдайдың оған ауыр тигенін де жасырмады.

«Басында қызым өскенше біреуге тұрмысқа шығып, соны әке деп айтқызамын деген ой болды. Бірақ бұл ойым қате екенін түсіндім. Күйеуге шығуға асықпау керек екен», – дейді ол.

Актриса осы кезеңде:

  • Психолог көмегіне жүгінбегенін
  • Екі құрбысымен сырласқанын
  • Көбіне спортпен айналысып, ішкі күйзелісін жеңгенін атап өтті.

«Енді ажырасқан еркектерге қарамаймын»

Сабина алғаш тұрмысқа шыққанда небәрі 21 жаста, ал күйеуі 35 жаста болғанын, оның бұған дейін де үйленіп, ажырасқанын айтады.

«Ол кезде балалығым басым болды. Қазір өзім жалғызбасты ана болсам да, ажырасқан ер адамға қарамаймын», – дейді актриса.

Контекст

Сабина Мовлаева – әлеуметтік желіде кеңінен танымал блогер. Жақында ол Францияда Канн фестиваліне қатысып, Голливудтың атақты актері Том Крузбен түскен фотосын жариялаған еді. Сабина Мовлаева шығармашылыққа байланысты өз көзқарасын білдіріп, жұртшылықты таңғалдырды. Ол түсірілім барысында әріптестеріне тек кейіпкер ретінде қарайтынын айтып, әйелдерден күйеулерін қызғанбауды сұрады. Сонымен қатар Сабина Мовлаева 27 жасқа толған туған күн кешінде жас әнші Нұрмұхамед Жақыппен қолұстасып шыққанына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ оның ашық киінген видеосы желіде жарияланды. Жуырда әлеуметтік желіде блогер Сабина Мовлаеваға қатысты интим видеосы таралғаны туралы ақпарат шықты. Алайда Сабина бұл мәліметті жоққа шығарып, арнайы сот сараптамасын жасатқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары