Жания Джуринская отадан кейінгі кеудесін көрсетті
Ол осыған орай арнайы фотосессия түсірді

Танымал актриса Жания Джуринская отадан кейінгі кеудесін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса жуырда ота жасағанын айтып, желіде видеоларын жариялаған. Ал бұл жолы арнайы фотосессия түсіріп, кескін-келбетін паш етті.
Дегенмен Жания Джуринскаяның суреттері желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ. Жұрт актрисаны сынның астына алды.
«Бұрын өнер адамдарын таланты мен қабілетіне қарай бағалайтын еді. Қазіргілер бөксесі мен кеудесі арқылы танылып жүр», «Әйелін қызғанбайтын еркек жұмаққа кірмейді, деп ескерткен», «Ұят қайда? Кеудеңізді шығарып, не болып барамыз біз», «Табиғи болса мақұл, жасанды екінің бірі», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Жания Джуринская кеудесіне имплант салдырып, оны жұртқа көрсетіп мақтанғаны хабарланған болатын.