$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Дима Билан сияқты жұлдыз болады»: Қайрат Нұртастың анасы ұлын Ресейге шақырғанын айтты

Әншінің анасы ұлына бірнеше мәрте шақырту түскенін айтты

«Дима Билан сияқты жұлдыз болады»: Қайрат Нұртастың анасы ұлын Ресейге шақырғанын айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын ресейлік продюсерлер жұмысқа шақырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Қайратты бірнеше рет ресейлік телебағдарламаларға шақырған.

«Добрый вечер» бағдарламасының бас продюсері маған қоңырау шалып, Қайратты сұрады. «Бізге оны беріңіздер, ол Дима Билан сияқты жұлдыз» болады», деді. Мен бірден бас тарттым. Ол кезде ұлым отбасылы болатын. Бірақ продюсердің айтқан сөздері әлі есімде: «Дауысынан ерекше бір үнді байқап қалып, өзімді әрең ұстадым. Интернетті ақтарып отырып, сіздерді таптым», – деп айтты.

Сол кезде өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғаны жақсы деп ойладым», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін анасымен шетелде жүрген Қайрат Нұртас сынға қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары