$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2025, 17:57
AR trend

Досымжан Таңатаров елу жасына арналған кеште кемі 40-50 жылқы мінген (ВИДЕО)

Достары бір жылқыны мейрамхананың алдына әкеліп, мінгізді

Досымжан Таңатаров елу жасына арналған кеште кемі 40-50 жылқы мінген (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Жуырда елу жасын атап өткен әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров туған күніне арналған кеште кемі 40-50 жылқы мінген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы оның Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында белгілі болды.

«Сіз досқа бай адамсыз. Кәрімен де, жаспен де араласа бересіз. Туған күніңізде достарыңыз ерекше сыйлық жасаған екен. Жалпы, сол күні неше жылқы міндіңіз», - деді Әйгерім Сейфолла Таңатаровтың жылқы мінген сәтіндегі видеосын жариялай отырып.

Әншінің өзі болса туған күніндегі тойды жүргізген тамада сол күні оған достары мен әріптестері кемі 40-50 жылқы сыйлағанын санады дейді.

«Менің айналама ат ұстайтын жігіттер көп. Бала кезден ат міндім, малшының баласымын. Қой бақтым, көкпарға шаптым», - дейді ой.

«Қызғанамын, көз тиеді»: Досымжан Таңатаров әйелін 28 жыл бойы неге ел алдына шығармағанын айтты

Елу жасына орай Астанада үлкен концерт берген әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров журналист Әйгерім Сейфолланың бағдарламасына сұхбат берген. Әйгерім Сейфолла әншінің бұл жолғы концерті ерекше өткенін, концерт кезінде ел күткен де, күтпеген де жағдайлар болғанын айтып, сыр ақтарды. Соның ішінде журналист Досымжан Таңатаровтың залға лық толған көрермендердің көзінше әйеліне гүл сыйлаған сәтіне ерекше мән беріп, оның жары туралы сұрақ қойды.

Таңатаровтың айтуынша, журналистер мен әртүрлі шоу-бағдарламалар әншіні әйелімен бірге сұхбатқа көп шақырған екен.

«Оның өз болмысы эфирге құмар емес. Керісінше, бар нәрсесін маған береді, ештеме кимесе де, жемесе де, мен арқылы бәрін көрсеткісі келеді. Ал көрсетпей жүргенім – әйелімді қызғанамын. Көп жерге әйеліңмен бірге сұхбат берші деп. Әрине, күйеуімін ғой, барайық деп, қолынан сүйресем же апарамын, тілімді алады. Бірақ, оған өзі қаланып тұрған жоқ. Елдің көзі бар, сөзі бар», - дейді әнші.

Досымжан Таңатаров пен әйелі 28 жыл бұрын үйленген. Журналист Әйгерім Сейфолла «әйеліңізді 28 жыл дегенде әрең көрдік қой» деп әңгімені әзілге айналдырды. Таңатаров болса оның көп жетістігінің артында әйелінің еңбегі тұрғанын айтып, мақтанды.

«Мен негізі елден ерек ештеңе істеп жүрген жоқпын. Көзін көрген аталарымыз бен әкелеріміздің істегенін істеп жүрмін. Ошақ қасы тыныш ер адам жадырап жүре береді. Әйелдің де жадырап жүруі сөзсіз ер адамның арқасында. Бір-бірімен байланысты өмір. «Біз екеуміз» деген сөзден құдай ажыратпай-ақ қойсын», - дейді ол.

Концерттегі өзге де тосын оқиғалар

Айта кетейік, Досымжан Таңатаровтың Астанадағы концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлаған еді. Сондай-ақ Мейрамбек Беспаев концертте Досымжан Таңатаровқа арнайы домбыра сыйлап, көптің қошеметіне ие болды.

Серіктес жаңалықтары