Алаяқтарға алданып, «далада» қалған Нұрғали Нүсіпжановқа пәтер берілді (ВИДЕО)
Әншіге баспананың кілті Досымжан Таңатаровтың концертінде берілді

Алаяқтарға алданып, пәтер жағалап қалған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер пәтер сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншіге баспананың кілті Досымжан Таңатаровтың концертінде берілді.
«Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі. Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты.
Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә», - деп жазды журналист Айнұр Омар.
Айта кетейік, былтыр әнші Роза Әлқожа өнердегі әріптесі Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтарға алданып қалып, далада қалғанын жазған болатын.