$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Америкаға көшу керек шығар»: Жазира Байырбекова ерекше видео жариялады

Әнші әлеуметтік желіде Дженнифер Лопестің сұлулығына таңданысын білдірді

«Америкаға көшу керек шығар»: Жазира Байырбекова ерекше видео жариялады
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында америкалық жұлдыз Дженнифер Лопеске қатысты бейнежазба жариялады. Ол Лопестің 55 жастағы сыртқы келбетіне тәнті болып, өз жұбайы Жанболат Ербатыровқа әзіл-қалжың аралас сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Дженнифер Лопес сияқты сұлу болу үшін фитнеске неше сағат бару керек? Жанболат, 55 жасымда Лопес сияқты болғанымды қалайсың ба? Ол үшін Америкаға көшу керек шығар…»– дейді Жазира видео барысында.

Байырбекова Лопестің сымбатына тамсанды

Жазираның айтуынша, әлем жұлдызына ұқсап тұру – тек физикалық жаттығумен шектелмейді. Бұл – мәдениет, орта және өмір салтының әсері.

«Біздің қазақ болып туылғанымыз, менталитетіміздің өзі басқа. Сол себепті дәл сондай энергия, дәл сондай фигура, дәл сондай тартымдылыққа қол жеткізу қиын-ау», – деді әнші өз жазбасында.

Серіктес жаңалықтары