$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2025, 13:35
AR trend

«Менің ойыма сай емес»: Мирас Жүгінісов ағасының сөзі үшін қыздардан кешірім сұрады

Ол әндерінде махаббатты дәріптейтінін айтты

«Менің ойыма сай емес»: Мирас Жүгінісов ағасының сөзі үшін қыздардан кешірім сұрады
Фото: Instagram/@zhugunussov.mj

Әнші Мирас Жүгінісов ағасының желіде айтқан пікірі күшін барша қыздан кешірім сұрап, оның айтқанымен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен пікірталас тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын. Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды. Оларды осылай айтып отырамын деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар деп ойлаймын», - деп жазды Мирас Жүгінісов.

Әнші өзінің шығармашылығы махаббат, адамгершілік және құрмет жайлы, әндерінің көбі дәл нәзік жандыларға арналғанын айтты.

«Өйткені, әйел жанының бұл өмірде орны мен үшін ерекше.Сондықтан, бұл жағдайдан көңілі қалған барша жандан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды», - деп жазды ол.

Еске салсақ, Ақтөбеде мешітте блогер қызға ер адам орынсыз сөз айтып, желіде шу тудырған еді. Мүфтият осыған қатысты мәлімдеме жасады. 

 

 

Серіктес жаңалықтары