01.08.2025, 10:28
AR trend
Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы мен қарындасы үлкендерден бата алып, той өткізді (ВИДЕО)
Екі жақ құдалық өткізіп, жастарға бақыт тілеген
Фото: https://www.instagram.com/p/DMyIXSygcUM/
Блогер Раушан Құдайберген мен театр әртісі Ермахан Айымхандардың әулеті құдаласып, жастарға батасын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салтанатты шарада Димаштың әжесі Миуа апай Раушанға арнап жүрек тебірентер тілегін айтты.
«Менің кішкентай құлыншагым, кезінде алақаныма салып өсірген немерем, енді бойжетіп, 24 жасқа келді. Бүгін ол өзінің сүйіктісін тауып, жаңа отбасын құрып, өз ошағын жақты. Ермахан екеуі бақытты өмірге алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бақытты болсын, барлық арман-тілектері орындалсын», - деді ол.
Жас-жұбайларға тілектерін айтып, екі жақтың әулеті, өнер иелері жиналған. Жанкүйерлоердің айтуынша, Раушан Құдайберген бүгін ұзатылады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды