$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2025, 10:49
AR trend

Үлкен қызы тергеуге түскен Абай Бегейдің кіші қызы гендер-пати өткізді (ВИДЕО)

Олардың отбасында ұл дүниеге келмек

Үлкен қызы тергеуге түскен Абай Бегейдің кіші қызы гендер-пати өткізді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы жақында ана атанатынын хабарлап, көпшілікпен сүйінші жаңалығын бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы сәбиін күтіп жүргенін жазды, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жүрегіміз лүпілдеп, көптен күткен сәт келді. Құдай бізге бір кішкентай батырды сыйлағалы тұр. Қуанышымызда шек жоқ. Жанымыздың бір бөлшегі енді кішкентай ханзада. Сені тағатсыздана күтіп жүрміз. Сені көрмесек те жақсы көреміз», – деп жазды болашақ ана.

Сымбаттың қуанышты хабарын естіген желі қолданушылары жас отбасыны құттықтап, жүрекжарды тілектерін жаудырды. Көпшілік болашақ ананың қуанышын бөлісіп, ақжарма тілектерін жазып қалдыруда.

Белгілі әнші Абай Бегейдің қызы 16 жасында тұрмысқа шығып, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген жас блогерлердің бірі ретінде танымал.

Осыған дейін Абай Бегейдің екінші қызы Гүлеркем Ниязқұлова күйеуімен бірге заңсыз жолмен 162 млн теңге табамын деп ұсталып қалған еді.

 

Серіктес жаңалықтары