Эмоциясыз диплом, қызу талқы: Баян Алагөзованың қызы оқу бітірді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Калифорния университетін өнер саласы бойынша аяқтаған

Фото: instagram.com/aiaru_bakytbek

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбек АҚШ-тағы беделді оқу орындарының бірі – Калифорния университетінің бакалавриатын аяқтап, дипломын алды. Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Дипломда Айарудың «Өнер» факультетін тәмамдағаны көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Эмоциясыз қабылдау жұртты таңғалдырды

Көпшілік Айарудың бұл сәтті салқынқанды, сезім білдірместен қарсы алғанына ерекше назар аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында:

  • «Мақтаныш сезімі байқалмайды»,
  •  «Ата-анасы қуанып жатыр, ал өзі үнсіз»,
  •  «Бейжайлық па, әлде сабыр ма?» – деген пікірлер қызу талқы тудырды.

Айару бұл қадамды ерекше етіп атап өтпей, тек фото жариялап, қысқа жазбамен шектелген.

Болашақ жоспары қандай?

Айару Бақытбектің айтуынша, магистратураға түсу жоспары әзірге жоқ. Алайда ол келешекте Чикаго қаласында тұрып, сол жақтағы университеттердің бірінде оқуын жалғастырғысы келетінін айтты.

Контекст

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызының екінші қызы — Айару Бақытбекке қымбат көлік сыйлағанда да оның эмоция білдірмегені қызу талқыға түскен еді. Продюсер Баян Алагөзова жаңа фильм түсіру үшін Екібастұздан Павлодарға келді.  Ол желідегі оқырмандарына болашақ фильмнің сахнасынан тыс не болып жатқанын көрсетті. Ол Екібастұзға сапар кезінде жол бойындағы жағдайға қатысты өз ойын Instagram парақшасында бөлісті. Оған дейін Танымал продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитденова қызынан қандай «зәбір» көргенін айтып, шағымданған еді. Сонымен қатар шоу-бизнес өкілдері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасында мәдениет пен тіл мәселесіне қатысты пікір қайшылығы болды. Ол бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ара қатынасы туралы сөз қозғады және бұрынғы күйеуінің ұрған сәтінесіне алды. Тұрсын Алагөзовпен неке қияр кезде мәһірге не сұрағанын айтты.