$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сайқымазақ болдың ғой»: желіде жұлдызға айналған директор жұмыстан неге кеткенін айтты

Ол қызметінен кеткеннен кейін алғашқы рет үн қатты

«Сайқымазақ болдың ғой»: желіде жұлдызға айналған директор жұмыстан неге кеткенін айтты
Фото: Instagram.com/aqmonshaq_nurtaza

TikTok желісінде танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кеткеннен кейін алғашқы рет үн қатты. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, бұл шешімінің себебі – ішкі тыныштық іздеу және жаңа бағыт ізденісі екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

«Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін», – деп жазды ол.

Бұған дейін ол желіде «Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі» деп қысқа хабарлама қалдырған еді.

«Бұл менің миссиям»

Ақмоншақ Нұртаза өз жазбасында ұстаздық миссияны жалғастыратынын, алайда жаңа деңгейде жүзеге асыратынын меңзеді. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі парақшасы енді тек бейнелер жариялайтын алаң емес, қоғаммен байланыс құралына айналған.

«Бұл – менің миссиям. Ұстаздың жанын түсіну, демеу болу, шабыттандыру. Оқушыны шынайы тыңдап, үнін есту. Ата-анаға бағыт беру. Жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнату», – дейді ол.

TikTok-тағы танымалдық пен қоғам реакциясы

Ақмоншақ Нұртаза TikTok желісінде:

  • Оқушылармен заманауи форматта сөйлескен бейнелерімен танылды;
  • Димаш Құдайбергеннің әніне арналған челленжге қатысып, желі қолданушыларының ықыласына бөленді;
  •  Алайда қоғамда оның әрекетіне қатысты екіұшты пікірлер тарады. Бірі оны заманауи ұстаз ретінде қолдаса, енді бірі «мұғалім емес, сайқымазақ болдың» деген секілді қатты сын айтты.

Болашаққа жоспары қандай?

Ол жазбасында желідегі белсенділігін жалғастыратынын, жаңа мазмұн әзірлеп жатқанын аңғартты:

«Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады…»

Осылайша, Ақмоншақ Нұртаза өзінің ұстаздық миссиясын жаңаша жолмен жалғастыруғадайын екенін білдіріп отыр.

Контекст

Естеріңізге сала кетсек, желі жұлдызына айналған Ақмоншақ Нұртаза мектеп директорлығынан кететінін айтты. Ол желідегі парақшасына бір ауыз сөз жазып қалдырған еді. 

«Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі»,- деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары