ЖИ-мен жасалған видео дауы жабылды: Полиция Шәріп Серіктің шағымын қарамай қойды
Полицияның мәліметінше, ешқандай қылмыстық құрам болмаған
Қазақстандық актер Шәріп Серіктің жасанды интеллектпен жасалған ролик авторына арыздануына байланысты оқиғаның қалай аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Полиция департаменті тексерудің аяқталғанын мәлімдеді.
Биыл сәуір айында актер Серік Шәріп Бишімбаевтың бет-әлпеті бар ИИ-видеоның авторына қатысты полицияға шағымданған еді.
«Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілді. Бейнематериалды жасау кезінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке деректер немесе азаматтардың басқа да құқықтары туралы заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты шағымды қараусыз қалдыру туралы шешім шығарылды», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың сәуір айының басында 33 жастағы актер бес тәулікке қамауға алынған болатын. Оған сүйіктісі тарапынан зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылған. Бойжеткен видео жариялап, оның агрессиясын дәлелдеген.
Оқиғадан кейін Серік көпшілік алдында кешірім сұрап, кез келген зорлық-зомбылық түріне қарсы екенін мәлімдеген.