18.06.2025, 14:50
AR trend
Дәулет Мұқаев екі күнде 50-60 баланың тұсауын кеседі
Мұқаев тұсауын кесіп бергенім үшін ата-аналардан ақша алмаймын дейді
Фото: © instagram.com/daulet_mukayev
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында 5-6 шілде күндері тұсау кесетінін айтып, жарнама жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.
5-6 шілде күндері ол қатарынан 50-60 баланың тұсауын кесетін көрінеді. Өйткені, өз сөзіне сенсек, «баламның тұсауын кесіп берші» дейтін ата-ана көп болғандықтан, ол осындай акция өткізуге мәжбүр.
«Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді», - дейді Мұқаев.
Депутат баланың тұсауын кескені үшін ешкімнен ақша алмайтынын жазған.

Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты
12.08.2026, 12:40
Даркнетке 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен: министрлік ресми мәлімдеме жасады
12.08.2026, 21:16
+43°С ыстық, бұршақты нөсер: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы