$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ешкіммен билеуші болма!»: әкесіне ескерту жасаған қыз желіні күлдірді (ВИДЕО)

Видео әлеуметтік желіде кең тарап жатыр

«Ешкіммен билеуші болма!»: әкесіне ескерту жасаған қыз желіні күлдірді (ВИДЕО)
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде кішкентай қыздың әкесіне жасаған ескертуі жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Видеода әкесі қонаққа жиналып жатқан кезде, қызы оған: «Күшті болып тұрсыңдар ғой. Түнгі 12-де үйге келіңдер. Ешкіммен билемеңдер. Статустан біреумен билегеніңді көретін болайын, жаныңды шығарамын!» – деп қатаң ескерту айтады.

Оған жауап ретінде әкесі: «Ешкіммен билемеймін», – деп күлкімен жауап қайтарған.

Бұл видео Instagram-дағы qara_almaty парақшасында жарияланған.

Оқырмандар реакциясы қандай болды?

Пікір білдірушілердің басым бөлігі:

  • «Мамасы үйретіп қойған шығар»
  • «Бұл қыз болашағы бар дипломат»
  • «Ер адамдарға арналған жаңа тәрбие моделі» деген сарындағы әзіл-шыны аралас пікірлер қалдырған.

Балалар еліктейтін алғашқы тұлға — ата-ана

Бала тәрбиесінде отбасылық атмосфераның рөлі ерекше. Әкесі мен анасының арақатынасы, сөйлесу тілі, эмоцияны білдіру тәсілі — барлығы баланың дүниетанымына ықпал етеді.

Сондықтан:

  • Баламен сөйлескенде жылы әрі сабырлы үн қолдану
  • Қатаң сөздерден, дауыс көтеруден сақтану
  • Әзіл мен ойын арқылы тәрбиелеу — оң нәтиже береді.

Кішкентай қыздың сөзі көпшілікті күлдіріп қана қоймай, баланың еліктеу арқылы қандай маңызды дүниелерді бойына сіңіретінін көрсетті.

Серіктес жаңалықтары