«Жесір әйел деп басынғаны ма?»: Мақпал Жүнісова басына түскен қиындығын айтты (ВИДЕО)
Ол үйін жөндетуге 55 млн теңге жұмсапты
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде видео жариялап, басына түскен қиындығы жайлы ашынып айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші үйіне жасалған жөндеу жұмысы жуырда жасалса да іргетасы қирап тұрғанын көрсетті.
«Жөндеу жұмысы жасалғалы бері бір жыл да өткен жоқ. Құрылысшылардың жасап кеткен түрі осы. 55 млн теңге жұмсадым осыған. Төрт ай кетті. Миымды шірітіп, төрт ай оларға тамақ беріп, ақшасы төлеп, киіз үйде жатты. Енді үйімнің жан-жағы құлап жатыр. Қалай осылай жұмыс істеуге болады? Бәрі құлап жатыр. Еркегі жоқ, жесір әйел деп басынғаны ма? Ол бригадирді білемін. Бірақ соттасып жүруге уақытым жоқ. Халық білсін деп көрсетіп отырмын», - дейді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік сәттің видеосын жариялағаны хабарланған.