Танымал вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
Ол өз парақашасына отбасымен түскен суреттерін жариялады
Қаржы пирамидасын құрды деген айыппен сотталған танымал вайнер және блогер Мейіржан Төребаев жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялап, оқырманмен ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төребаев өз парақашасына отбасымен түскен суреттерін жариялады.
«Адам басқаларға шынайы сүйіспеншілігін таныта білсе, тіпті ең қарапайым нәрселерден де қуаныш пен ләззат таба алады», — деп жазды актер.
Желі қолданушылары жазба астында оны бостандыққа шығуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдіруде.
Еске сала кетейік, Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты дау 2022 жылдың басында басталған болатын. Сол кезде танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынған еді. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы («қаржы пирамидасын құру және басқару») бойынша кінәлі деп танылып, ең төменгі қауіпсіздік колониясында 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.