Бүгін, 00:11
AR trend
«Алла адамға сынақ қана емес, сыйлық та береді»: Құрбысы көлік сыйлаған Мөлдір Мұқанова жылап қалды (ВИДЕО)
Продюсер күтпеген сыйлық алды
Фото: видеодан скрин
Қазақстанға танымал продюсер, кейінгі кезде орындаушылық өнерімен де көзге түсіп жүрген Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса - жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады. Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет! Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын! Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін құрбым!» - деп ағынан жарылды продюсер.
Видеодан салтанатты жиында күтпеген сый алған Мөлдірдің қуаныштың көз жасына ерік бергенін аңғаруға болады.
Көп оқылған
21.03.2026, 11:42
«Цифрлық үкімет»: елімізде электрондық үкімет порталы жаңартылады
21.03.2026, 08:10
Әуеде туған сәби: Астана–Орал рейсінде толғағы келген әйелді жолаушы дәрігер босандырып алды
21.03.2026, 12:44
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21.03.2026, 12:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды
21.03.2026, 12:31
СҚО-да өзендердегі мұзды жару жұмыстары жалғасып жатыр