«Жұлдызым менің»: Қайрат Нұртас әсерлі жазбасымен жұртты аузына қаратты
Құттықтауында ол қызын «жұлдызшам» деп атады
Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде қызы Алауды туған күнімен жылы лебізбен құттықтады. Өнер иесінің жанкүйерлері де ізгі тілектерін жаудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алау – әншінің ортаншы қызы. Туған күніне орай Қайрат Instagram парақшасында қыздың суретін жариялап, қазақ және орыс тілдерінде әсерлі жазба қалдырды.
Құттықтауында ол қызын «жұлдызшам» және «әкесінің жүрегі» деп атап, бақыт тілеп, әрдайым жанында болып, қорғап-қолдайтынын жеткізді.
«Лаулаған Алауым! Туған күніңмен жұлдызым, әкесінің жүрегі! Бақыттың құшағында, Алланың назарында бол, қызым! Маңдайыңдағы бағың бес елі болсын, құлыным! Мен барда ешкімнен қорықпа, ешкімге жалтақтап алақан жайма! Мен сенің тіргеіңмін, қорғаныңмын, қолдауыңмын!», – деп жазды Қайрат Нұртас.
Өнерпаз сондай-ақ қызына мақтанатынын, оның әрбір жетістігіне қуанып жүретінін айтты. Ол қызына әрдайым жарқырап жүруін тілеп, қандай жағдайда да жанынан табылып, шынайы сүйіспеншілікпен қолдай беретінін атап өтті.