Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасын үйіне қонаққа шақырды (ВИДЕО)
Қайрат Нұртастың отбасы Мальдив аралдарынан оралған еді
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасын арнайы қонаққа шақырып, өз үйінде жылы ықыласпен қарсы алды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында отбасы мүшелері бір дастарқан басына жиналып, ұзақ уақыттан кейін қауышқан. Әулет мүшелері еркін әңгімелесіп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Гүлзира Айдарбекова немерелеріне, баласы мен келініне сыйлықтарын табыстады.
Кештен кейін продюсер әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды. Ол отбасының амандығы мен бірлігінің маңызын атап өтті.
«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мереке болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт. Барлығы көріп жүрген күлімсіреу шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға жеткілікті», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Кеш барысында әулет мүшелері естелік суреттерге түсіп, бір-біріне жылы сөздер айтып, отбасының татулығы мен бірлігін көрсеткен.