08.01.2026, 12:58
AR trend
«Рэкетир»-дің жұлдызы: актер Мұрат Бисенбин көз жұмды
Соңғы жылдары ол ауыр дертке шалдыққан
Фото: instagram.com/murat_bissenbin
«Рэкетир» культтік фильміндегі рөлі арқылы көпшілікке танылған қазақстандық актер Мұрат Бисенбин өмірден өтті. Ол 54 жаста еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы оның қызы Instagram желісінде қаралы хабар жариялады.
Бұған дейін Мұрат Бисенбиннің бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескені хабарланған болатын. Сондай-ақ ол жуырда инсульт алған. Актердің денсаулығының күрт нашарлағанын бұған дейін оның жақындары мен әріптестері де айтқан еді. Атап айтқанда, актер Жан Байжанбаев Бисенбиннің жағдайына алаңдап, ақша жинаған еді.
Қазақстандық кино қауымдастығы мен көрермендер марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 16:45
Павлодардағы моншалардың бірінде сыраға масайған әйел жас қызметкерді соққыға жықты
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады